Размер шрифта:

Сәт-сапар, Жастүлек!

Сәт-сапар, Жастүлек!

Мақсаты: Мектеп бітіруші түлектерге көңілді, қызықты мерекелік іс-шара ұйымдастыруға жағдай жасау.

Мерекелік кеш сағат 22.00-де басталды. Шараға мектеп бітіруші үш түлекпен бірге ұстаздар, ата-аналар қауымы қатысты. Мерекелік шараны мектеп ауласында түлектерге сәттілік тілей отырып, көгершін ұшырумен басталды. 

Одан кейін «Бәріміз үйде болғанда...» бағдарламасының желісімен акт залында жалғасын тапты. Арнайы дайындалған әзірлемелік жоспар бойынша  аттестат, ҰБТ сертификаттарын тапсыру рәсімі өтті. Мұғалімдер , ата-аналар жүрек жарды тілектерін айтып, оқушыларға сәт-сапар , ақ жол тіледі.

 Екінші бөлімде жоспар бойынша әр түрлі ойындар ұйымдастырылды. Ойынға ата-аналар қауымы белсене ат салысты.

Аттестаттарды ұсыну  салтанаты барысында мектеп инспекторлары , педагогтар , қаламыздың ТЖБ қызметкерлерінен тұратын кезекшілік ұйымдастырылды.

Дәстүр бойынша мектеп бітіруші түлектер таңды қарсы алып, 04.00-де үйлеріне тарасты.

Дата: 20.06.2014, 11:55 Автор: №24 мектеп-интернаты