«Бала еңбегін қанауға қарсы » акциясы
ҚР«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» атты ІХ Ұлттық ақпараттық компаниясына байланысты ұйымдастырылған жұмыстар туралы ақпарат.Балқаш қаласы жалпы білім беретін №24 орта мектебінде 01.06.-12.06.2014 жылы«Бала еңбегін қанауға қарсы » акциясы болып өтті.
Мақсаты:
Заңсыз кәмелет жасына толмаған балалардың еңбегін қанау туралы түсінік беріп, құқықтық тәрбие беру.Бала еңбегін – баланың ақыл ойына, адами қалыптасуына, денсаулығы мен білім алуына әсер ететін кез келген жұмыс болып табылатындығын ұғындыру және кең ауқымды насихаттау.
Осы орайда 9-11 сынып оқушылары арасында, ата-аналар ортасында,мектеп тәрбие ісінің меңгерушісі- Мусина А.Қ, мектеп психологі- Нуркеева Ғ.Ж,, сынып жетекшілері- Шолақова Л.Б, Оспанова Ж.Н, аға тәлімгер- Бейсекина К.А. көптеген іс –шаралар өткізді.
Аталмыш шараны мектеп тәрбие ісінің меңгерушісі Мусина А.Қ ашты.Қазақстан Республикасында бала еңбегін қанау деректерін болдырмау үшін жүргізіліп жатқан шаралар туралы айтып, іс шараның мақсаты мен міндетін түсіндіріп өтті.
9 «Б» сынып жетекшісі: Шолакова Л.Б: «Бала еңбегін қанау дегеніміз не?» атты баяндама жасап,«Балалар еңбегі проблемасының туындауының негізгі себебі,бала еңбегі проблемасы бүкіл әлемде: өнеркәсібі дамыған елдерде де, дамушы елдерде де орын алып отыр. Бала еңбегі баланың дене дамуы мен психоәлеуметтік дамуына үлкен, кейде оңалмайтын нұқсан келтіреді. Жас мөлшеріне сай емес, ауыр еңбекке негізінен халықтың әлеуметтік неғұрлым осал топтарының, тұрмыс деңгейі төмен отбасыларының немесе толық емес отбасыларының балалары араласады. Сонымен қатар олардың білім алуға, денсаулық сақтау қызметтеріне және кіріс көздеріне қол жеткізуі шектеулі.» деп атап көрсетті.
Мектеп психологы Нуркеева Ғ.Ж«Әлем бала еңбегіне қарсы» тренингтер, кездесулер ұйымдастырды. Ата –аналар өз тарапынан , жақсы лебіздерін білдіріп,алғыстарын айтып жатты.
Аға тәлімгер:Бейсекина К.А оқушылар арасынан құрылған «Самұрық» үгіт- насихат тобымен өз өнерлерін көрсетті.
Осы аралықта өткізген іс –шаралардың мәні мен мағынасы қонақтар мен ата-аналарға ой қалдырды. Яғни, бала еңбегін заңсыз қолдана алмайтынымыз анық болды. Ендеше аялайық, балалардың сіздерге қамқорлық жасауын мақтан тұтайық!