№24 орта мектебінде Ұлы Жеңістің 69 жылдығына орай жүргізілген іс-шаралар жайлы ақпарат

№24 орта мектебінде Ұлы Жеңістің 69 жылдығына орай жүргізілген іс-шаралар жайлы ақпарат

   Мақсаты: Отанды қорғауға елдің, жердің қадір қасиетін түсінуге, Туған ел үшін жан пида болған батыр аттарын естеріне сақтауға тәрбиелеу.20 сәуір және 8 мамыр аралығында мектепішілік «Үздік мақала»  конкурсы өтті.

Конкурстың мақсаты мен міндеттері:

1. Тілдерді қолдану мен дамытудың негізгі бағыттарын жүзеге асыру;

2. Мемлекеттік тіл саясатын насихаттау және жүзеге асыру;

3.  Мақала  тақырыбының  дұрыс таңдаудың маңыздылығын ескеру;

 Конкурсқа 5-11 сынып оқушылары бақтарын сынады. 7 а сынып оқушысы Қанаят Арайлымның     «Менің Отаным Қазақстан» тақырыбында  жазған мақала  үздік атанды.

     «Рахмет саған , майдангер!» тақырыбында шығарма сайысы ұйымдастырылып,  барлық оқушылар белсене ат салысты. Сайыстың мақсаты: Ұлы Отан соғысының 69 жылдығына арнала отырып,оқушылардың бойына тарихты білуге деген қызығушылығын оята отырып, Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту. Бұл сайысқа да оқушылар аса қызығушылықпен қатыса отырып,  тақырыпты толығымен ашқан, ережедегі  нұсқаулықтарды дұрыс орындаған 6А сынып оқушысы Оразғали аяулым  1 жүлделі орынды иеленіп, қалалық сайысқа жолдама алды..

Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысының ардагерлері және тылда еңбек еткен ардагерлер жайлы  тарихи деректер  жинау мақсатында «Дерек пен Дәйек» тақырыбында ізденіс жұмыстары жүргізілді. Ізденіс жұмыстарына барлық сынып қатыса отырып, Балқаш бекеті бойынша тылда еңбек еткен ардагерлеріміз жайлы құнды деректер жиналды. Сонымен қатар , 6А  сынып жетекшісі Бейсекина К.А  қаламыздың тылда еңбек еткен  ардагері Донских И.Л  сұқбат алып, бейне фильм түсірді.  Атамыз сұрапыл соғыста болған қызықты  және маңызды деректерімен бөлісті.

   «Біз сіздерге тағзым етеміз!»   тақырыбында соғыс ардагерлеріне көмек көрсету акциясы ұйымдастырылды. Мектебіміздің «Жасұлан» ұйымының белсенділері Балқаш бекетінде тұратын ардагерлеріміздің үйіне барып, көмек көрсетіп, сұқбаттасып қайтты.

«Мәңгілік алау» басына мектебіміздің кіші буын  оқушылары барып, мұғалімдер тарапынан түсіндірмелік жұмыстар, құнды ақпараттар берілді.

«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды», «Ветераны! Мы преклоняем голову перед вами» тақырыбында барлық сыныптарда сынып сағаттары өтті.

  «Какая безмерная тяжесть на женские плечи легла» тақырыбында 5-7 сынып аралығында саяхат сабақ ұйымдастырылды.

«Ер есімі ел есінде» ардагерлерге арналған концерттік бағдарлама 08.05 күні өтті. Оқушылардың күшімен дайындалған  шығармашылық концертке Балқаш бекетіндегі ардагерлеріміз    Петрова Н.Г, Соломахина В.П, Киселева З.Г, Сафошкина В.П  келді.

«К подвигу героев сердцем прикоснись...» тақырыбында 1-11 сынып арасында мәнерлеп оқудан сайыс ұйымдастырылды. Сұрапыл соғыс , даңқы шыққан батырларымыз жайлы оқылған өлеңдер барлығымыздың көңілімізден шықты.«Жалын» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды.

«Әлия» ,«В бой идут одни старики» көркем фильмдерінің көрсетілімі  барлық сыныптарда көрсетілді. 

Дата: 10.05.2014, 9:02 Автор: №24 мектеп-интернаты