«1 мамыр – Халықтар достығы, бірлік, ынтымақ күні» мерекесіне арналған іс- шаралардың өтуі туралы ақпарат

«1 мамыр – Халықтар достығы, бірлік, ынтымақ күні» мерекесіне арналған іс- шаралардың өтуі туралы ақпарат

        1 мамыр мерекесіне арналған іс-шаралар сәуір айынан басталды.  Оқушылар арасында «Ұлттар достығы» сурет көрмесі ұйымдастырылды. Мектепішілік  сурет көрмесінен үздік шыққан оқушылар қалалық деңгейде өткен  асфальтқа сурет салу конкурсына жолдама алып,  «Давайте жить дружно» сайысынан ІІ орынға ие болды.1-11 сынып аралығында  «Ел бірлігі – ең асыл қасиет» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.  Бұл сынып сағаттарында оқушылар халықтар достығы, ынтымақ тақырыбында өз ойларын ортаға салды. Мереке қарсаңында «Бір шаңырақ астында, туысқанбыз бәріміз!» атты салтанатты жиын өткізіліп,  «Жасқыран» ұйымына 2-4 сынып оқушыларын қабылданды.  Жоғары сынып оқушылары арасында «Достығы жарасқан, Тәуелсіз Қазақстан!» дебаттық турнир жүргізілді. Жалпы мектеп бойынша «1 мамыр – Халықтар достығы, бірлік, ынтымақ күні» мерекесіне арналған іс- шаралар толығымен орындалды. 

Дата: 2.05.2014, 9:43 Автор: №24 мектеп-интернаты