Размер шрифта:

«Сыйынар ем ана деген тәңірге...»

«Сыйынар ем ана деген тәңірге...»

Мақсаты:8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.  Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.  Оқушылардың  бойында инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік қасиеттерге тәрбиелеп, жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру.

«Аяулы да, алтын нұрлы  анашым» тақырыбында 1-11 сынып оқушылары қызбаалардың анасымен түскен сюжеттік фотоларынан фотоколлаж ұйымдастырылды. Байқауға барлық оқушылар белсене ат салысып, әсерлі, қызықты суреттер сайысы болды.

    «Сыйынар ем ана деген тәңірге...» тақырыбында 1-11 сынып оқушыларының күшімен дайындалған концерттік бағдарлама өтті. Концерттік бағдарламада мектеп директоры құттықтау сөз сөйлеп , ардагер ұстаздарымызға сыйлықтар сыйлады. Әр сыныптың ұлдары концерттік номерлерге жан-жақты дайындықпен келген. 5А сынып оқушысы Какмыш Бауыржан тау биі «Лезгинканы» аса бір шеберлікпен орындап, көрермендерді таң қалдырды. Концерт соңында 8А,9А,9Б сынып ұлдары оқушылардың кол өнерінен жасалған (бисер, квеллинг) жұмыстарын ұстаздар қауымына , қыздарымызға сыйға тартты.

Дата: 14.03.2014, 3:03 Автор: №24 мектеп-интернаты