№24 орта мектебінің 1 желтоқсан -Тұңғыш Президент күніне орай жүргізілген іс-шаралар жайлы ақпарат

№24 орта мектебінің  1 желтоқсан -Тұңғыш Президент күніне орай жүргізілген   іс-шаралар жайлы ақпарат

 

№24 орта мектебінің

1 желтоқсан -Тұңғыш Президент күніне орай жүргізілген

іс-шаралар жайлы ақпарат

 

Мақсаты:  Қазақ халқының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы,туып-өскен,оқып білім алған,қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру.  Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып , Отанын,халқын сүюге,ержүректілікке,азаматтыққа,патриоттық сезімге тәрбиелеу.  Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту,құрметтеу. 

15 .11 күніне бастап «Елбасымыз жасай берсін!» тақырыбында оқушылар, ұстаздар шығармашылығы мен елбасының өмірі және 22 жылдағы ерен еңбектеріне арналған ақпараттық стенд жасалды. Ақпараттық стендте оқушылар елбасына арналған жыр шумақтарымен қоса «Президентке тілегім» айдарындағы эсселеріде жарық көрді.

15-25.11 күндері «Елбасы күні-елдікке құрмет мерекесі» тақырыбында  мектеп кітапханасында кітап көрмелері 1-11 сынып аралығында ұйымдастырылып, кесте бойынша мектеп оқушылары елбасымыздың өмірімен ғана емес , еліміздің дамуына, тәуелсіз болып нығайуына арналған кітаптары жайлы құнды ақпараттар алды.

Дата: 12.12.2013, 11:57 Автор: №24 мектеп-интернаты