№24 орта мектебінде «Байқа , балақай!» республикалық акциясының іс-шаралар жайлы ақпарат
№24 орта мектебінде «Байқа , балақай!» республикалық акциясының іс-шаралар жайлы ақпарат
Мақсаты: Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру . Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
09.09.2013 жылы «Көшеде сақ болыңдар,балалар!» ,«Безопасность детей на дорогах» тақырыбында 1-11 сынып аралығында сынып сағаттары өтті. Бастауыш сыныптарының сынып сағатында мектебіміздің «Жас инспекторлар » сайысының жеңімпаздары Калкен Олжас, Шаймұратов Ернұр жолда жүру ережелерімен таныстырды.
04.09 күні теміржол инспекторы капитан Туткышев Е.Е «Правила поведения на железной дороге» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге 5-11 сынып оқушылары жұмылдырылып, оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарды қойды. Жолда жүру ережелері бойынша құнды ақпараттар берілді.
05.09 күні қалалық «ЖЖИ» сайысына қатысқан «СИРЕНА» командасының ұйымдастырумен «Жас инспекторлар» сайысы өтті.
06.09 күні «Жолда жүру ережесін білесің бе?» тақырыбында 2-11 сынып оқушыларының арасында тест сұрақтары алынып, оқушылардың білім деңгейлері тексерілді.
«Қызыл, сары, жасыл» тақырыбында 1 сынып оқушыларымен тақырыптық іс-шара ұйымдастырылды.Іс-шарада «Сирена» командасының мүшелері 1 сынып оқушыларына жолда жүру ережелерін практикалық тұрғыда көрсетті. Сонымен қатар, жргізушілерге таратпа қағаздар таратылды.
Дата: 29.10.2013, 9:07 Автор: №24 мектеп-интернаты