«Тіл-ұлттың тірегі»

         «Тіл-ұлттың тірегі»

 

          «Тіл-ұлттың тірегі»атты тілдер мерекесіне  орай өткізілетін іс –шаралардың жүргізілуі  жайлы  ақпарат

 

         «Тіл-ұлттың тірегі»  атты тілдер мерекесінің он күндігі   қыркүйек айының 11-21 аралығында  аталып өтілді.  Апталықтың негізгімақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру,рухани адамгершілік тәрбиеге баулу.  Апталық   «Тіл-ұлттың тірегі»  атты салтанатты жиынмен ашылды. Салтанатты жиында оқушылар үш тілде ( қазақ ,ағылшын, орыс тілдерінде) тақпақтар айтып ,тіл туралы агитбригада өз өнерлерін көрсетті. Оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру мақсатында  1-11 сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайыста

 І орынмен6А сынып оқушысы Насурладина Сабина «Ана тілім» ,

 ІІ орынменЖүзбаева Сымбат «Тілім менің тірлігімнің айғағы » ,

ІІІ орынмен  Әбдірбаев Олжас  «Қалың елім қазағым , қайран жұртым» өлеңімен  иеленді.

Мектебіміздің кітапханасында .«Тіл- тәрбие бастауы» атты кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. 5-11 сыныптар арасында  «Қазақ тілі - өрісі мол қазына» атты қабырға газетінен байқау өткізілді.

9-11 сынып оқушылары мен мектеп ұстаздарының арасында тарих пәнінің мұғалімі Бейсекина К.А. жетекшілігімен  «Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауындағы тіл мәселесі туралы пікір талас жүргізілді. 3-4 сыныптар арасында  «Тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты зияткерлік ойыны жүргізілді. Оқушылар Қазақстан Республикасының рәміздері туралы толық мағлұмат алып , ойынның соңы тіл туралы мақал –мәтелмен жарысқа ұласты .Екі топқа бөлінген оқушылар өздерінің қаншалықты мақал –мәтел білетіндіктерін ортаға салып тартысты іс-шара өткізді. 6-7 сыныптарда Оқушыларды көркем әдебиетке ынталандыру,ой-өрісін кеңейту, сөйлеу тілін байыту, тіл мәдениетіне көңілдерін аудару , салт-дәстүрін,әдет-ғұрпын құрметтеуге  тәрбиелеу мақсатында 6-7 сыныптар арасында «Алтын сақа» танымдық ойыны  қазақ тілі пәнінің мұғалімі Құлымжанов Н.М. жетекшілігімен жоғарғы тартысты дәрежеде өтті.

 Ойын  «Әудем жер», «Қозы көш», «Беласар» ,«Жолайырық» деген бөлімдерден сүрінбей өткен оқушылар жеңімпаз атанып, мақтау қағаздарымен марапатталды, және сыйлыққа ие болды. Ағылшын тілі мұғалімі Абдуллаева А.К.  ұйымдастыруымен «Pollyglot» 5-7 сыныптар арасында өз дәрежесінде өтті. Танымдық ойынның негізгі мақсаты: Оқушылардың үш тілді менгеріп қаншалықты өз ойларын еркін жеткізе алтындығы байқалды. 5-11 сыныптар арасында .«Мемлекеттік тіл – ортақ қазына» атты шығармалар сайысы өткізілді. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Смағұлова Г. ұйымдастырылуымен 5-8 орыс сыныптары арасында «Қазақшаңыз қалай?»  байқау да болып өтті.

         21 қыркүйек күні «Бір шаңырақ астында» атты тілдер фестивалі болды. Әр сыныптар ұлттарға бөлініп сол ұлттың тілінде сәлемдесіп, ұлттық тағамдары мен сол ұлт туралы слайд қорғап, ұлттық киімдері мен ұлттық өнерлерін көрсетті. Соңғы мерекеге мектеп оқушылары өте жоғарды дәрежеде ат салыса қатысты. Мереке әрбір оқушы үшін тіл арқылы әрбір ұлт жүрегіне жол таба білуге болатынын дәлелдеді.Мерекеге атсалыса қатысқа барлық сыныптарға І,ІІ,ІІІ жүлделі орындармен  және мақтау қағаздарымен марапатталды.

Дата: 2.10.2013, 7:08 Автор: №24 мектеп-интернаты