№24 орта мектебі бойынша қала күніне арналған іс-шаралар жайлы ақпарат

№24 орта мектебі бойынша  қала күніне арналған іс-шаралар жайлы ақпарат

   Мақсаты:  Өскелең ұрпақтың бойынан туған елге , жерге деген патриоттық сезімдерін  ояту, Қала күні мерейтойының өтуіне жасөспірімдерді тарту.

16.09 күні  «Ару қалам Балқашым» тақырыбында 1-11 сынып араығында сынып сағаттары өтті. Жоғарғы сыныптағы сынып сағаттарында оқушылар ролдік  қойылымдар қойып, туған жерім Балқаш жайлы құнды ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, «Жарқын болашақ» атты тілшілер сайысы  ұйымдастырды.

17.09 күні «Жайнай бер, Балқашым!» тақырыбында компьютерлік сайыс   өтті. Сайыстың қорытындысы бойынша үздік деп танылған бейне фильмдер 1-4 сынып оқушыларына арналып, мектебіміздің төменгі қабатында әр үзілісте көрсетілді.Бейне  фильмнен көрсетілген сюжет бойынша оқушылар өз ойларын білдірді.

18.09 күні «Ветераны Балхаша о любимом городе» тақырыбында бекеттер ардагерлерінің үйлеріне барып, қаламыздың туған күніне байланысты 5-6 сынып оқушылары сұқбат алды.

19.09 күні мектебіміздің «Самрұқ» дебаттық командасының ұйымдастырумен «Балқаш жастары туған қаламыз үшін не істемек?...» тақырыбында дебаттық турнир ұйымдастырылып, мектеп оқушылары көптеген саяси  тақырыпта сөз қозғады.Өз ойларын ашық айтып, құнды ақпараттар бере отырып, пікір талас жасады.

20.09 күні «Жеңісім қалама арналады» тақырыбында 5-7 сынып арасында футболдан кездесулер өтті.

16-21.09 күндері «Сәулеті сән шашқан ару қалам» атты 1-11 сынып арасында сурет көрмесі ұйымдастырылды.

21.09 күні тілдер мерекесіне байланысты мектебімізде «Тілдер фестивалі» өтті. 1-4 сынып арасында ұйымдастырылған тілдер мерекесіне бастауыш сынып оқушылары мен ата-аналары белсене ат салысты. 5-11 сынып арасында өткен тілдер мерекесінде әр ұлттың сәлдемесі, әні , салт-дәстүрінен қойылымдар қойылды.

Дата: 2.10.2013, 6:56 Автор: №24 мектеп-интернаты