№24 орта мектебіне 1-7 аралығында өткен «Денсаулық апталығы -2013» бойынша жүргізілген іс-шаралары жайлы ақпарат
№24 орта мектебіне 1-7 аралығында өткен «Денсаулық апталығы -2013» бойынша жүргізілген іс-шаралары жайлы ақпарат
Мақсаты: Жасұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын түсіндіру және салауатты өмір салтын ұстануға қалыптастыру.
Ұраны:Салауатты өмір салты- ұлт денсаулығының кілті.
02.09.2013 жылы «Дені саудың-жаны сау» тақырыбында салтанатты жиын өтті . Жиында мектебіміздің «Саламат» үгіт-насихат тобы өнерін көрсетті.Содан кейін 2-7 қыркүйек аралығында өтетін іс-шаралар жоспарымен мектеп оқушыларын таныстырып, белсене ат салысуға «Жасұлан» ұйымының белсенділері үндеу тастады.
03.09 күні «Салауатты өмір салтын сақтаймыз!» тақырыбында 5-11 сынып арасында қабырға газеттері шығарылды. Қабырға газеттеріне төмендегідей талаптар қойылды:
- Атауы;
- ҚР-сының «Саламатты Қазақстан» бағдарламасынана құнды ақпарат;
- Салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған суреттер;
- Оқушы шығармашылығы;
Талапқа сай орындаған 6Б, 5А сыныптары дипломмен марапатталды.
04.09 күні Жаттығудан бастасаң, мықты болар денсаулық», «Здоровье в порядке – спасибо зарядке » тақырыбында диктант 1-4 сынып аралығында өтті. Жеңімпазы 3Б сынып оқушылары Симонов Владимир, Свинаренко Светлана атанды.
05.09 күні «Я и физическая активность – путь к здоровью» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге 2-11 сынып оқушылары белсене ат салысты.
06.09 күні «Здоровый образ жизни- ключ к здоровью нации!» тақырыбында наркологиялық диспансердің нарколог врач Сидоренко Л.В дөңгелек стол өтті. Нарколог врач адам ағзасына қажетті витаминдер жайлы көптеген құнды ақпараттар берді.
07.09 күні 9-11 сынып оқушыларымен дала жарысы ұйымдастырылды.5-10 сынып ұлдар арасында футболдан, 5-11 сынып оқушыларымен 60м,100м аралығында жүгіруден, 8-11 сынып оқушыларымен волейболдан,2-4 сыныппен «Көңілді старт» ұйымдастырылды.
Дата: 14.09.2013, 8:33 Автор: №24 мектеп-интернаты