«1 қыркүйек – Білім күні»
№24 орта мектебі бойынша «1 қыркүйек – Білім күні»арналған іс-шаралар жайлы ақпарат
Кел балалар, оқылық,- деп ұлттың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің балаларды оқуға шақырғанындай 1 қыркүйек күні еліміздегі барлық мектептер, білім ордалары да білім алушыларға есіктерін айқара ашты.
Бұл күн – дүниежүзілік білім күні. Бұл күні қария немересін жетелеп мектепке әкелсе, білім шаңырағының табалдырығын бірінші аттағалы тұрған бүлдіршіндердің көңілі алып-ұшып, мектепке тез жетсек деген тілегі мен жаздай демалыста болып ұстаздары мен аялы білім ұяларын сағынған оқушылардың қуанышын қабыл қылатын күн.
Міне осы қадірлі күнді Балқаш бекетіндегі №24 орта мектебі де ерекше ықыласпен қарсы алды. Ата заңымыздың 18 жылдық мерейтойымен бірге келген бұл күні қолдарына гүл шоқтары мен сөмкелерін ұстаған оқушылар мен ата-әже, ата-аналар қарасы көп болды. Алдымен Қазақстан Республикасының Әнұраны ойналды. Одан соң сөз алған аталмыш мектептің директоры Қ.Ж. Ахметова жиылған көпшілікті даталы күнімен құттықтап өтті. Өз сөзінде мектеп директоры Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2050» стратегиясындағы білім саласына қатысты басым бағыттарды ашып айтты. Осындай қуанышты күнде жиылған жұртшылыққа жүрекжарды тілегін білдіріп, білім әлеміне аяқ басқан бүлдіршіндерге сәттілік тіледі.
Бірінші сынып оқушылары өз өнерлерін ортаға салса, 11-сынып оқушылары білім әлеміне жаңа қадам басқан ізбасарларына сыйлықтар табыс етті. Ата-аналар арасынан білім алу жолындағы оқушыларға ақ тілектерін шашу арқылы білдірген ақ ниетті аналар да болды.
Алғашқы қоңырауды соғу құрметі 1А сынып оқушысы Сегізбаева Аяулым мен Пономоренко Глеб және 11А сынып оқушысы Дауылбаева Камилаға берілді. Сөйтіп, алғашқы қоңырау сыңғырлап, аталмыш мектепте биылғы оқу жылы басталып та кетті. Салтанатты жиыннан кейін «Қазақстан 2050 стратегиясы ; бір халық, бір ел – бір тағдыр» тақырыбындағы сынып сағаттары 1-11 сыныптарда өтті.