«Цифрлық әлемге қадамдар» байқауы

«Цифрлық әлемге қадамдар» байқауы

«Цифрлық әлемге қадамдар» жобасы аясында ұйымдастырылған облыстық байқауға мектебіміздің оқушылары белсене қатысып, өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті. Байқау нәтижесі бойынша «Векторлық графика» номинациясында мектебіміздің оқушысы Тұрсынғазы Шахида III орынды иеленіп, жүлделі орынға ие болды.

Оқушының жетекшісі – информатика пәнінің мұғалімі Бекмаганбетова Н.С.

Бұл жетістік – оқушының ізденісі мен шығармашылығының, сондай-ақ жетекшісінің кәсіби шеберлігі мен жүйелі еңбегінің нәтижесі.

Жүлдегерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Қатысушыларға шығармашылық табыс, жаңа идеялар және болашақ байқауларда сәттілік тілейміз!

Дата: 2.04.2026, 11:25 Автор: Школа-интернат №24