4-маусым күні №24 орта мектебінде ҚР Мемлекеттік Рәміздер күніне орай өткізілген мерекелік іс-шаралар жайлы ақпарат

4-маусым күні  №24 орта мектебінде ҚР  Мемлекеттік Рәміздер  күніне орай   өткізілген мерекелік іс-шаралар  жайлы ақпарат

 

4-маусым күні  №24 орта мектебінде ҚР  Мемлекеттік Рәміздер  күніне орай   өткізілген мерекелік іс-шаралар  жайлы ақпарат

 

   Бұл күні мектебімізде  “Мемлекеттік рәміздер-менің мақтанышым “атты  мерекелік іс-шара өткізілді. Сағат 09.00-де мектепішілік ұстаздар мен оқушыларға арналған салтанатты жиыннан басталды. . Салтанатты жиын мемлекеттік Әнұран айтумен басталып, мектебіміздің директоры құттықтау сөз айтты.Сонымен қатар , мектеп жанындағы «Балауса» жазғы демалу лагерінің тәрбиеленушілерімен «Мемлекеттік рәміздер-менің мақтанышым» тақырыбында танымдық ойын сабағы ұйымдастырылды.

Мақсаты:

  • Балаларға мемлекеттік рәміздер еліміздің ажырамас бір бөлігі ретінде қалыптасқан түсінікті одан әрі  нығайтып, патриоттық сезімдерін ояту.  Алтын күнді көк байрағымыз және барша қазақстандықтардың ортақ үйінің белгісі ретіндегі елтаңбамыздағы шаңырақ бейнесін, көкке шарықтаған әнұранымыз туралы толық мағлұмат беру.

  • Елін, жерін, тілін,  қазақ елінің рәміздерін құрметтеуге  тәрбиелеу.

Оқушылар мерекелік іс-шараға белсене араласып,көптеген мағлұматтар алды. Жұмбақтар шешіп , әр түрлі сұрақтарға мүдірмей жауап беріп,берілген тапсырмаларды тиянақты орындап, құнды ақпараттар алып, марапаттауларға ие болды.

  

  

  

  

  

  

  

Дата: 6.06.2013, 17:59 Автор: №24 мектеп-интернаты