Размер шрифта:

“1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы”

“1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы”

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің “№24 мектеп-интернаты” КММ 6 сыныппен “1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы” атты дөңгелек үстел өтті.

 

Шараның мақсаты — сол бір қиын кезеңде елдің еркіндігі үшін бас көтерген қазақ жастарының ерлігі мен тарихи маңызын ұрпақ жадында жаңғырту.

Дөңгелек үстелге сынып жетекші және 6”Ә” сынып оқушылары қатысты.

Іс-шара барысында келесі мәселелер талқыланды:

Желтоқсан 1986 оқиғасының шығу себептері;

Жастардың ұлттық намыс пен әділдік үшін алаңға шығуы;

Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев сынды құрбандардың тағдыры;

Желтоқсан оқиғасының Қазақстанның тәуелсіздік алуына ықпалы.

Желтоқсан оқиғасының тарихи мәнін аша отырып, сол кездегі жастардың ерлігі қазіргі ұрпаққа үлгі екенін атап өтті.

Кейбір қатысушылар өз отбасыларынан естіген естеліктерімен бөлісті.

Қатысушыларға оқиғаға қатысты деректі видео, тарихи фотосуреттер және Желтоқсан туралы жазылған әдеби шығармалардан үзінділер ұсынылды.

Дөңгелек үстел соңында жастарға Тәуелсіздіктің қадірін ұғындыру, ел тарихына құрметпен қарау, өр рухты Желтоқсан қаһармандарының ерлігін есте сақтау қажеттігі айтылды.

Іс-шара қатысушыларға ерекше әсер қалдырып, тарихи сананы қалыптастыруға зор үлес қосты.

Дата: 11.12.2025, 14:34 Автор: №24 мектеп-интернаты