Размер шрифта:

«Қазақстанның мемлекеттік рәміздері"

«Қазақстанның мемлекеттік рәміздері

Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернат» КММ -де 10.12.2025 ж күні Тарих толқынында» тарих сауаттылық апталығы аясында  1-сынып оқушыларымен «Қазақстанның мемлекеттік рәміздері" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба, Әнұран туралы түсінік беру.

Олардың маңызын, мәнін және әрбір азаматтың оларды құрметтеуі қажеттігін үйрету.Оқушылардың отансүйгіштік сезімін қалыптастыру.

Өткізілу барысы: Мұғалім балаларға мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы мен мағынасы туралы қысқаша әңгімеледі.

Қазақстан Республикасының Туы көрсетіліп, көк түс пен күннің бейнесі бейбітшілік пен болашақты білдіретіні түсіндірілді.

Елтаңбадағы шаңырақ – бірліктің, уықтар – татулықтың белгісі екені айтылды.Әнұранды бірге орындап, оның әрбір сөзі еліміздің мақтанышы екені түсіндірілді.Балаларға сұрақтар қойылып, шағын ойындар арқылы рәміздерді есте сақтауға көмектесілді. Сынып сағаты барысында оқушылар мемлекеттік рәміздердің мәнін түсініп, оларды құрметтеу – әрбір қазақстандықтың парызы екенін білді.

Дата: 11.12.2025, 14:16 Автор: №24 мектеп-интернаты