«Менің елімнің тарихы"

«Менің елімнің тарихы

Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернат» КММ -де 09.12.2025 ж күні Тарих толқынында» тарих сауаттылық апталығы аясында 4 сынып оқушыларымен «Менің елімнің тарихы" тақырыбы бойынша  "Не? Қайда? Қашан? " танымдық ойыны ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан тарихы мен рәміздері туралы қарапайым әрі қызықты білім беру. Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру. Ұжымдық жұмысқа, достыққа және белсенділікке тәрбиелеу. 

Ойын кезеңдері: қарапайым сұрақтар, мақал-мәтелдерді жалғастыру, суреттер көрсетіліп, кім екенін табу, Ту, Елтаңба, Әнұран туралы шағын тапсырмалар берілді.Ойын шарттары 4-сынып оқушыларына жеңіл әрі қызықты болады. Барлық оқушы белсенді қатысты.

Дата: 11.12.2025, 14:14 Автор: №24 мектеп-интернаты