Размер шрифта:

“Өз өлкемнің тарихы туралы не білемін?”

“Өз өлкемнің тарихы туралы не білемін?”

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің “№24 мектеп-интернаты” КММ “Тарих толқындарында” апталығы аясында 6”Ә” сынып оқушыларымен “Өз өлкемнің тарихы туралы не білемін?” тақырыбында танымдық ойын өтті. Оқушылар өздерінің білгендерімен бөлісіп, сұраққа жауап берді. Мақсаты: Балқаш – Қазақстанның табиғаты көркем, тарихы терең, өзіндік ерекшелігі бар ірі өңірлерінің бірі. 1937 жылы қала мәртебесі берілген Балқаш қаласы еліміздің индустриялық дамуына зор үлес қосты. Өңірдің басты байлығы – әлемге теңдесі аз Балқаш көлі. Оның бір бөлігі тұщы, екінші бөлігі тұзды болуы – табиғаттың ерекше жаратылысы.

Балқаш өңірі Іле өзенінің мол сулы ағынымен, шөлейт және жартылай шөл табиғатымен, пайдалы қазбаларымен және тарихи-мәдени нысандарымен ерекшеленеді. Балқаш мыс балқыту зауыты қала қалыптасуына, экономика мен халық тұрмысына үлкен ықпал етті.

Бүгінде Балқаш – өнеркәсібі, мәдениеті, туризм әлеуеті дамып келе жатқан аймақ. Өз өлкесінің тарихын білу – туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырып, оның өткені мен бүгінін терең түсінуге мүмкіндік береді.

Дата: 11.12.2025, 14:07 Автор: №24 мектеп-интернаты