«Қыз баланың қауіпсіздігі».
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің “№24 мектеп-интернаты” КММ 02.12.2025 ж. мектебімізде “Қызғалдақ” қыздар клубының кезекті отырысы өтті. Отырыстың негізгі тақырыбы – «Қыз баланың қауіпсіздігі». Шара барысында қыз балалардың жеке, интернеттегі және қоғамдық орындардағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.
Қатысушылар қауіпті жағдайды ажырату, қауіп төнгенде дұрыс әрекет ету жолдары, өз құқықтарын қорғау, көмек сұрау тәсілдері туралы ақпарат алды. Сонымен қатар, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас, жеке деректерді қорғау және киберқауіпсіздік жөнінде пікір алмасу ұйымдастырылды.
Отырыстың мақсаты – қыз балалардың өзін-өзі қорғау дағдыларын қалыптастыру, қауіпсіздік мәдениетін нығайту және жауапкершілік сезімін арттыру.
Отырыс соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, қауіпсіздіктің маңыздылығын атап өтті.
Дата: 9.12.2025, 12:58 Автор: №24 мектеп-интернаты