Аттестациядан өтетін педагогтермен отырыс
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты» КММ 27.11.2025 ж Аттестациядан өтетін педагогтермен отырыс өткізілді.Мақсаты: Педагогтың кәсіби жетістіктерін растайтын портфолиоға немесе есеп беру құжаттарына (сабақ жоспарлары, олимпиада нәтижелері, ғылыми мақалалар, әдістемелік құралдар және т.б.) қойылатын талаптарды және оларды дұрыс рәсімдеу тәртібін түсіндіру.Отырыс барысында педагогтердің біліктілік тестілеуіне дайындық жұмыстарына баса назар аударылды. Тестілеу форматы, сұрақтар саны мен уақыт шектеулері айтылды. Арнайы дайындалу ресурстары ұсынылды. Әр санатқа (модератор, сарапшы, зерттеуші) сәйкес нақты жетістіктерді (олимпиада нәтижелері, бұқаралық ақпарат құралдарына мақала беру, әдістемелік құрал дайындау) тіркеу керектігі түсіндірілді.
Дата: 9.12.2025, 12:45 Автор: №24 мектеп-интернаты