6”Ә” сыныбында қаржылық сауаттылық сынып сағаты өтті.
Қарағанды облысы Білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің “№24 мектеп-интернаты” КММ 6”Ә” сыныбында қаржылық сауаттылық сынып сағаты өтті. Мақсаты:
1. Банк туралы түсінік беру;
2. Депозиттің не екенін түсіндіру;
3. Ақшаны дұрыс сақтаудың пайдасын ұғындыру.
Банк – қоғамдағы ақша айналымын басқаратын, адамдарға қаржылық қызмет көрсететін маңызды мекеме. Ал депозит – ақшаны банкке қауіпсіз сақтап, пайыз арқылы көбейтудің ең тиімді жолдарының бірі. Депозит адамның қаржылық қорын қалыптастыруға, болашаққа жоспар құруға және қосымша табыс алуға көмектеседі.
Қорытындылай келе, әр адам қаржысын дұрыс басқара білсе, болашағын да сенімді жоспарлай алады. Депозит ашу – қаржылық сауаттылықтың алғашқы әрі маңызды қадамы.
Дата: 17.11.2025, 10:34 Автор: №24 мектеп-интернаты