Размер шрифта:

«Қаржы алаяқтарын қалай тануға болады?» атты тренинг сабақ

 «Қаржы алаяқтарын қалай тануға болады?» атты тренинг сабақ

Қарағанды облысы білім басқармасы Балқаш қаласы білім бөлімінің"№24 мектеп-интернаты" КММ – інде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Қаржы әлемі» қаржылық сауаттылық апталығының тұжырымдамасына байланысты 13.11.2025ж. 8 «А» сыныбында «Қаржы алаяқтарын қалай тануға болады?» атты тренинг сабақ өткізілді.

Мақсаты: «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы құндылықтарының ажырамас бөлігі ретінде білім алушылардың бойында қаржылық мәдениеттің негіздерін және жауапты экономикалық мінез-құлықты қалыптастыру.

 «Қаржы – бұл мақсат емес, лайықты өмір сүруге, отбасы мен қоғамға қызмет етуге арналған құрал». 

Қаржы құралдарын жай ғана білу жеткіліксіз. Ақшаға деген адамгершілік негіздегі қарым-қатынасты қалыптастыру маңызды.

Бұл тұжырымдама қаржылық сауаттылықты «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі құндылықтарымен, атап айтқанда, жауапкершілік, адалдық, еңбекқорлық, үнемшілдік және қоғамға қызмет етумен байланыстырады.#адалазамат

Дата: 17.11.2025, 10:26 Автор: Школа-интернат №24