"Қыз бала гигиенасы және ерте жүктіліктің алдын алу" тақырыбында ашық әңгіме өтті
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің
"№ 24 мектеп-интернаты" КММ- інде қараша айының 13-інші жұлдызында "Қыз бала гигиенасы және ерте жүктіліктің алдын алу" тақырыбында ашық әңгіме өтті. Іс шараға мектептің қыз балалары мен мектеп медбикесі А.К Бажбенова және мектеп психологының қатысуымен өтті. Мақсаты: отбасын жоспарлау және неке мәселелері бойынша санитарлық ағарту және кеңес беру, жыныстық өмірдің ерте басталу қаупі туралы кеңінен түсіндіру. Әңгіме барысында жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын, жасөспірімдердің психикасын өзгертетін жыныстық өмірдің ерте басталу қаупі қандай екенін, ерте жүктіліктің зардабы жайлы айтты. Ашық әңгіме соңында қыз балалары өздерін толғандырған сұрақтарымен бөлісіп ойларымен бөлісті. #Адал_азамат
Дата: 14.11.2025, 15:20 Автор: №24 мектеп-интернаты