Ашық сабақ
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп интернаты» КММ 21.10.2025ж күні тарих пәні мұғалімі Дуйсенбекова Р.С 5 «А» сыныбында Ботай мәдениеті. Зерттеу сұрағы: Не себепті ботайлықтарды жылқыны алғашқы қолға үйретушілер деп атайды? тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: Ботай мәдениетінің ескерткіштерін зерттеу арқылы ботайлықтар жылқыны қолға үйреткендігін дәлелдеу. Сабақ барысында ЖИ арқылы жасалған тапсырмалар орындалып, Learning Apps, платформасы арқылы жеке және жұптық, топтық тапсырмалар орындалды. Сабақ қызықты мазмұнды болды, тапсырмалардың мазмұнын өзгерту арқылы балалардың қызығушылығы үнемі сақталды.
Дата: 5.11.2025, 14:37 Автор: №24 мектеп-интернаты