Размер шрифта:

"Қазақстан – ортақ үйіміз" тақырыбында сынып сағаты

2025 жылдың 20 қазанында 5 "А" сыныбында "Қазақстан – ортақ үйіміз" тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға Қазақстан Республикасының көпұлтты мемлекет екенін түсіндіру, ұлттар мен ұлыстар арасындағы татулық пен бірліктің маңызын ұғындыру. Сынып сағаты барысында оқушыларға тақырып бойынша бейнематериал көрсетіліп, ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Топтық тапсырмалар орындалып, оқушылар ой бөлісіп, өз пікірлерін ортаға салды. Қазақ елі – барша ұлт пен ұлысқа ортақ үй, ортақ шаңырақ екендігі туралы мазмұнды әңгіме өрбіді.

Сынып сағатының тәрбиелік мәні – оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, елдегі бейбітшілік пен келісімді бағалай білуге тәрбиелеу, өзара сыйластық пен достыққа баулу.#RepublicDay #25Қазан, #Декларация 35жыл, #Менің Қазақстаным.

Дата: 20.10.2025, 14:51 Автор: Школа-интернат №24