Размер шрифта:

таңғы саптық жиын

таңғы саптық жиын

Қарағанды облысы білім басқармасы Балқаш қаласы білім бөлімінің  «№24 мектеп-интернаты» КММ-де

13.10.2025 күні таңғы саптық жиын дәстүрлі түрде өткізілді. Таңғы жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды. Бұл іс-шара оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.

Саптық жиынның тақырыбы: «Отанды сүю – отбасынан басталады!»

Апталық кезекшілік атқарған сынып оқушылары осы тақырып аясында арнайы дайындаған мазмұнды ақпараттарын ұсынды. Олар Отанға деген сүйіспеншіліктің іргетасы отбасында қаланатынын атап өтті. Өйткені отбасында алған тәрбие, ата-ана мен үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық – елге қызмет етудің, Отанға адал болудың бастамасы.

Жиын барысында оқушылар:

Отанды сүюдің ең қарапайым жолдары – өз үйіңе, аулаңа, мектебіңе деген жауапкершілік екенін;

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету – ұлттық тәрбиенің бастауы екенін;

Туған жердің табиғатын сақтау, тілін құрметтеу – нағыз патриоттың ісі екенін атап өтті.

Сонымен қатар әр сыныпта сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттының  тақырыбы Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай оның Отан, ел, тәрбие туралы айтқан өнегелі сөздерін мысалға келтірді. Абайдың:

«Баланы өзің тәрбиелеме, көршіңді тәрбиеле – бала соған қарап өседі»

«Ел болам десең – бесігіңді түзе»

деген нақылдары жиынның негізгі ойына негіз болды.

Жиыннан кейін барлық сыныптарда «Отанды сүю – отбасынан басталады!» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Бұл шаралар оқушылардың бойында елге, жерге деген сүйіспеншілікті арттырып, отбасылық құндылықтардың маңызын түсінуге бағытталды.

Дата: 14.10.2025, 15:02 Автор: №24 мектеп-интернаты