Адал еңбек – жарқын болашақтың кепілі"
Қарағанды облысы білім басқармасы Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты» КММ-де 22.09 күні әдеттегідей таңғы саптық жиын өтті. Таңғы жиын дәстүрлі түрде мемлекеттік әнұранды орындаумен басталды. Таңғы жиын оқушылардың құндылықтар негізінде күн сайын ұйымдастырылған және жоспарланған іс-әрекеті. Жиында өткен аптаның қорытындысы, және кезекшілік атқарған сыныптар " Адал еңбек – жарқын болашақтың кепілі" атты тақырыбында дайындаған ақпараттарын берді. Еңбек табыстың, дамудың және жетістікке жетудің негізгі жолы. Уақытында, жауапкершілікпен атқарылған жұмыс қана оң нәтиже береді. Тапсырмаларды кешіктіру, немқұрайлы қарау тек өзіңізге ғана емес, ұжым жұмысына да кері әсер етеді.
Жауапкершілікті ұмытпаңыз еңбекке деген адал көзқарас болашағыңызды айқындайды.Осындай ескертулер оқушылардың еңбектік сауаттылығын арттырып, өзін тәрбиелеуге бағыттайды.
Жиыннан кейін әр сыныпта, сынып жетекшілерімен еңбек – елдің ертеңі ! тақырыбында сынып сағаттары жүргізілді. # Адал_азамат
Дата: 23.09.2025, 10:16 Автор: №24 мектеп-интернаты