"Буллингтен қорған"
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің
"№24 мектеп-интернаты" КММ-де 2025 жылдың 15 қыркүйек күні 5-сынып оқушыларымен
"Буллингтен қорған" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға буллингтің не екенін түсіндіру, оның түрлерін ажырату,
буллингтен қорғану жолдарын үйрету және
құрдастар арасындағы достық, сыйластық қарым-қатынасты қалыптастыру.
Сынып сағаты барысында оқушылар:
буллинг туралы мәлімет алды,
жағдаяттық тапсырмалар орындады,
бейнематериал/комикс қарап, пікір алмасты,
"Буллингке жол жоқ!" тақырыбында постер жасап, өз көзқарастарын білдірді.
сынып сағатында Оқушылардың бойында бір-біріне деген құрмет пен жауапкершілік сезімін арттырды,
буллингке бей-жай қарамау және бір-бірін қолдау қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейтті.#Адал_азамат
Дата: 17.09.2025, 13:50 Автор: №24 мектеп-интернаты