Размер шрифта:

" Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп"

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "#24 мектеп -интернаты"КММ 10.09.2025 ж 7 А сынып оқушыларының ата-аналарымен " Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп" тақырыбында ата-аналар жиналысы  өтті. Мақсаты: "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында ата-аналармен мектептің өзара ынтымақтастығын нығайту.

Күн тәртібінде:

✅ Мектеп пен ата-аналар комитетінің бірлескен жұмысын ұйымдастырудың басымдықтары туралы;

✅ Сынып ата-аналарының қызметін үйлестірудің ерекшеліктері туралы;

✅ Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының ережесімен таныстыру;

✅ Мектептің ішкі тәртіп ережесімен таныстыру;

✅ Бала қауіпсіздігі.

Дата: 15.09.2025, 16:17 Автор: №24 мектеп-интернаты