Құқық бұзушылықтың алдын алу
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "#24 мектеп-интернаты"КММ-де. 10.09 күні Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында полиция капитаны Коразбаев Нурлыжан Айтмаганбетович оқушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында білім алушыларға қылмыстың қоғамға қауіпті әрекет екенін, қылмыстық жауапкершілік, оған қолданылатын жаза түрлері, кінәні жеңілдететін, жауапкершілікті ауырлататын жағдайлар туралы түсінік берді. #Адал_азамат
Дата: 15.09.2025, 16:03 Автор: №24 мектеп-интернаты