«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – ұран»
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "#24 мектеп-интернаты"КММ-де. 05.09 күні 8-11 сынып оқушыларымен «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – ұран» тақырыбында ерлік сабағы өтті. Мақсаты: оқушылардың бойына патриоттық сезімін қалыптастыру, ерлікке, Отаншылдыққа, елжандылыққа, аталар ерлігін мақтан тұта жалғастыруға баулу, рухани-адамгершілік қасиеттері дамыған және ел тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар, ынтымақтастық пен мәдениетаралық өзара әрекетке қабілетті дамыту. Ұлт – азаттық көтерілістер, Ұлы Отан соғысы мен желтоқсан оқиғалары, соғыстың қатал сынағынан өткен жандардың жанқиярлық ерлігі арқасында, біздің барлығымыз өмір сүру бақытына ие болдық. Бұл соғыстың салған жарасы әлі күнге дейін барлық ұлттың жүрегінде жазылмады, әлі де сақталуда. Мұны ешқашан ұмытпаймыз. Осы жарқын өмірді сыйлаған әке, аға, әпкелеріміздің ерлігі біз үшін мәңгі үлгі.
Дата: 8.09.2025, 10:29 Автор: №24 мектеп-интернаты