"Тілім менің – ғасырларға аманат"
Қарағанды облысы Білім басқармасының Балқаш қаласы Білім бөлімінің "№24 мектеп-интернат" КММ-де 2025 жылғы 5–15 қыркүйек аралығында Қазақстан халқының Тілдер мерекесіне орай "Тілім менің – ғасырларға аманат" атты апталықтың ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатының мақсаты – оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, тілдің қоғамдағы рөлін ұғындыру және тіл саясатын насихаттау болды. Шара барысында оқушылар мемлекеттік Әнұранды орындап, тіл туралы жүрекжарды өлеңдер оқыды . Сонымен қатар, апталық аясында өткізілетін іс-шаралар жоспарымен таныстырылып, оқушылар белсенділік танытты.
Дата: 8.09.2025, 10:25 Автор: №24 мектеп-интернаты