Размер шрифта:

«Менің Отаным – Қазақстан»

«Менің Отаным – Қазақстан»

Балқаш қаласы "№24 мектеп-интернаты" КММ-де 02.09.2025 ж. 5 “А” сыныбында «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

Сабақтың мақсаты – оқушыларға Отан ұғымын түсіндіру, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, Қазақстан Республикасының тарихы мен мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін кеңейту. Сондай-ақ, оқушыларға еліне адал қызмет ететін азамат болу, еңбекке жауапкершілікпен қарау, кәсіби шеберлікті дамыту сынды қасиеттердің маңыздылығы түсіндірілді. Сабақ барысында «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» құндылығы мен адал азамат болу ұстанымы басты назарда болды.

сынып сағат барысында оқушылар  Отан, туған жер туралы түсініктерін ортаға салып, еліміздің тәуелсіздігі мен жетістіктеріне тоқталды. Балалар Отан туралы мақал-мәтелдер айтып, туған жерге арналған өлеңдер оқыды, өз ойларын ортаға салды.  «Қазақстан – менің Отаным, мен оны мақтан етемін!» деген ұранмен сынып сағатын қорытындылады.

Дата: 8.09.2025, 9:58 Автор: №24 мектеп-интернаты