девятый день первой лагерной смены

девятый день первой лагерной смены

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "№24 мектеп-интернаты" КММ- де  

дәстүр бойынша, күн таңертеңгілік жаттығудан басталды. Көңілді музыкамен балалар дене жаттығулары мен тыныс алу жаттығуларын жасады. Жаттығу  балаларға оянуға, көңіл көтеруге және жағымды көңіл-күй орнатуға көмектесті.

Жаттығудан соң  балалар  спорттық - эстафеталық жарыстарға белсене қатысты. Жарыстан соң  "Мафия" ойынын ерекше қызығушылықпен ойнады.Сонымен қатар 

"Этно-ауыл" бағыты аясында танымдық және   қазақ ұлтының мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігінің маңызды бөлігі болып саналатын салт -дәстүріміз қазақ аналарының ұршық иіру дәстүрі". Бұл дәстүр әйелдердің киім-кешек пен тұрмыстық заттарды дайындау үшін жүн, қылшық және мақта иіретін өнер түрін қамтиды. Ұршық — жүннен шүйкелеп жіп иіруге арналған ең басты жеңіл құрал. Ол “ұршық” деп аталады. Міне, осы Ұршық иіру дәстүрін балаларға түсіндіріліп, өздері иіріп те көрді. Балаларға осы сәт ерекше әсер берді. Әрі қарай   "Денсаулық -зор байлық" тақырыбында балалар сурет салды.Сонымен қоса осы тақырып аясында маңызды ақпараттар берілді. Күн соңында   "Ойжұмбақ" балаларға арналған мультфильмін тамашалады. Бүгін балаларға ерекше эмоцияға толы күн болды!

Дата: 20.06.2025, 16:06 Автор: Школа-интернат №24