Қазақстанның мемлекеттік рәміздер күні

1992 жылы дәл осы күні Қазақстанның мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба және Гимн бекітілді. Тәуелсіз елдің дәл осы атрибуттары мемлекеттің бірегейлігі мен егемендігін бейнелейді. 4 маусым Қазақстан Республикасы рәміздер күніне орай мектеп әкімшілігімен ұстаздар және кіші қызметкерлер мемлекеттік гимнді бір ауыздан орындап, еліміздің туына бой түзеді.
Отанымыздың рәміздерін құрметтеу және қорғау әрбір азаматтың қасиетті борышы.
Дата: 5.06.2025, 15:44 Автор: №24 мектеп-интернаты