Размер шрифта:

мектепішілік дебат турнирі

мектепішілік дебат турнирі
Қарағанды облысы білім басқармасы Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты» КММ-де  27 мамырда «Бұл палата балалардың құқығын қорғау қазіргі кездегі күрделі мәселелердің бірі деп есептейді ...»  тақырыбында мектепішілік дебат турнирі болып өтті. Пікірсайыс турнирі оқушылардың белсенді өмірлік ұстанымын, көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін  қалыптастырып,  сыни және аналитикалық ойлау дағдыларын  дамыту мақсатында өткізілді. Сайысқа құрамы бір мұғалім мен бір оқушыдан құрамдалған екі – «Фемида» және «Жалын» топтары қатысты.Сайыс  барысында спикерлер таңдалған тақырып бойынша  жинақталған көп жақты деректері бойынша өз  позицияларының  басымдығын дәлелдеуге тырысты. Сайыс қорытындысы бойынша топ  мақтау қағаздарымен марапатталды.
#Біртұтас _тәрбие 
#Қазақстанбалалары
#БалаларҮні
Дата: 28.05.2025, 11:13 Автор: Школа-интернат №24