дін істер бөлімінің теолог маманы Тұрлыбек Қ.С мен 9-10 сыныптар арасында кездесу
Балқаш қаласы "№24 мектеп-интернаты" КММ-де 20.05.2025ж күні Балқаш қаласының дін істер бөлімінің теолог маманы Тұрлыбек Қ.С мен 9-10 сыныптар арасында кездесу өтті. Мақсаты: Жалған діни ағымдардың арбауынан сақтандыру. Жалған діни ағымдарды дәстүрлі діндерден қалай ажыратуға болатындығы жөнінде оқушыларға жан-жақты түсіндіру. Дінтанушы-теолог маманның ішкі тұрақтылық пен дәстүрлі рухани құндылықтарға баса назар аудару керектігіне тоқталып өтті. Оқушыларға теріс ағымның жетегінде кетпес үшін, кез-келген ақпаратты алу үшін тек ресми сайттарды пайдалануға шақырды. Кездесу соңында оқушылар аталған тақырып бойынша өздерін қызықтырып жүрген сұрақтар қойып, қойған сауалдарына толыққанды жауап алды. Бұл кездесудің тәрбиелік маңызы зор болды.