Размер шрифта:

№24 орта мектебінде Ұлы Жеңістің 68 жылдығына орай жүргізілген іс-шаралар жайлы ақпарат

№24 орта мектебінде Ұлы Жеңістің 68 жылдығына орай жүргізілген іс-шаралар жайлы ақпарат

  

        Мақсаты: Отанды қорғауға елдің, жердің қадір қасиетін түсінуге, Туған ел үшін жан пида болған батыр аттарын естеріне сақтауға тәрбиелеу.20 сәуір және 8 мамыр аралығында мектепішілік «Үздік мақала»  конкурсы өтті.

Конкурстың мақсаты мен міндеттері:

1. Тілдерді қолдану мен дамытудың негізгі бағыттарын жүзеге асыру;

2. Мемлекеттік тіл саясатын насихаттау және жүзеге асыру;

3.  Мақала  тақырыбының  дұрыс таңдаудың маңыздылығын ескеру;

 

 Конкурсқа 5-11 сынып оқушылары бақтарын сынады. 8 а сынып оқушысы Қасым Нурайдың   «Менің Отаным Қазақстан» тақырыбында  жазған мақала  үздік атанды.

     «Ұрпақтар ұмытпайды» тақырыбында шығарма сайысы ұйымдастырылып,  барлық оқушылар белсене ат салысты. Сайыстың мақсаты: Ұлы Отан соғысының 68 жылдығына арнала отырып,оқушылардың бойына тарихты білуге деген қызығушылығын оята отырып, Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту. Бұл сайысқа да оқушылар аса қызығушылықпен қатыса отырып,  тақырыпты толығымен ашқан, ережедегі  нұсқаулықтарды дұрыс орындаған 8Б сынып оқушысы Мирзалиева Лала 1 жүлделі орынды иеленді.

Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысының ардагерлері және тылда еңбек еткен ардагерлер жайлы  тарихи деректер  жинау мақсатында «Дерек пен Дәйек» тақырыбында ізденіс жұмыстары жүргізілді. Ізденіс жұмыстарына барлық сынып қатыса отырып, Балқаш бекеті бойынша тылда еңбек еткен ардагерлеріміз жайлы құнды деректер жиналды. Сонымен қатар , 5Б сынып жетекшісі Абдуллаева А.Қ қаламыздың Ұлы Отан соғысының ардагері Балпықов Шаймолда атамыздан сұқбат алып, бейне фильм түсірді. Шаймолда атамыз сұрапыл соғыста болған қызықты  және маңызды деректерімен бөлісті.

«Ерлік ұрпаққа ұран, елге мұра» тақырыбында 5 А сыныбында Ұлы Отан соғысында тылда еңбек еткен Балқаш бекетінің тұрғыны жерлесіміз Варвара Павловнамен кездесу ұйымдастырып, ардагеріміз  оқушылардың шығармашылық концертін тамашалады.

 «9 мамыр – Жеңіс туы желбіреген күн» тақырыбында қабырға газеттері 1-11 сынып аралығында шығарылды.

«Мәңгілік алау» басына мектебіміздің кіші буын  оқушылары барып, мұғалімдер тарапынан түсіндірмелік жұмыстар, құнды ақпараттар берілді.

«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды», «Ветераны! Мы преклоняем голову перед вами» тақырыбында барлық сыныптарда сынып сағаттары өтті.

 «Бәрі де ұмытылмайды...» атты  салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынға Тылда еңбек еткен Балқаш бекетінің тұрғыны Донских И.Л шақырылды.

«Какая безмерная тяжесть на женские плечи легла» тақырыбында 5-7 сынып аралығында саяхат сабақ ұйымдастырылды.

«Ер есімі ел есінде» ардагерлерге арналған концерттік бағдарлама 08.05 күні өтті. Оқушылардың күшімен дайындалған  шығармашылық концертке Балқаш бекетіндегі ардагерлеріміз Донских И.Л, зайыбы Петрова Н.Г, Соломахина В.П, Киселева З.Г келді.

«К подвигу героев сердцем прикоснись...» тақырыбында 1-11 сынып арасында мәнерлеп оқудан сайыс ұйымдастырылды. Сұрапыл соғыс , даңқы шыққан батырларымыз жайлы оқылған өлеңдер барлығымыздың көңілімізден шықты.«Жалын» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды.

«Әлия» ,«В бой идут одни старики» көркем фильмдерінің көрсетілімі  барлық сыныптарда көрсетілді.

«Детство опаленное войной» тақырыбында қалалық әдеби кеш өтті. Әдеби кеште  көптеген өлеңдер оқылып, әндер шырқалды.  Қалалық гимназияда өтетін қалалық іс-шараға 6Б сынып оқушысы Леонов Рашид, 9А сынып оқушысы Қуанышбекова Алтынай, 10 А сынып оқушысы Татиева Камила жолдама алды.

Дата: 10.05.2013, 16:00 Автор: №24 мектеп-интернаты