"Алғашқы қоңырау"

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты» КММ де 1-11 сыныптарға арналған  "Алғашқы қоңырау" 1 – қыркүйек – Білім күніне арналған шара салтанатты түрде атап өтілді. Салтанатты жиын  қонақтары: білім бөлімінің Бас маманы Садвокасова Ольга Константиновна, Балқаш қаласы полиция бөлімінің  лейтенанты Коразбаев Фархат Аймаганбетович  жылы лебіздерін білдірді.

 Бұл күн бәріміз үшін маңызды, ол үлкенге де, кішіге де бірдей қымбат. Өйткені, адам өмірінде қандай биіктерге жетсе де, бұл білім арқасында.

Президентіміз Қ.Тоқаев атап өткендей, цифрлық дәуірдегі жаңа білім мен дағдылар жаңа буынның болашақ табысының кілті болып табылады.

Жаңа оқу жылы барлығыңыз үшін сәтті және қуанышты болсын!

Дата: 2.09.2024, 15:35 Автор: №24 мектеп-интернаты