Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "№24 мектеп-интернаты"КММ-сінде 2024 жылдың 31 тамызында ата-аналармен "Директор сағаты" өтті.

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "№24 мектеп-интернаты"КММ-сінде 2024 жылдың 31 тамызында ата-аналармен "Директор сағаты" өтті. Жалпы жиналысқа 67 адам қатысты. Күн тәртібінде қарастырылған мәселелер:                                         

 1. "Мектепке жол" акциясы және ЖББҚ төлемдері бойынша 

 2. Мектеп формасы (мектеп Жарғысына сәйкес)

 3. Оқу жылының басталуына дайындық                                                                         4. "Балақайлар мектебі" 

 5. Жазғы уақыттағы қауіпсіздік шаралары                                                                      Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры А.К.Мусина сөз алып, берілетін көмектің құжат тізімімен таныстырып, шілде айында 5 отбасы 13 оқушыға құжат өткізілгенін  айтты. Құжат жинау, өткізу жұмыстары жалғасын табатындығын да ескертті.                                                   

    Күн тәртібіндегі екінші мәселе мектеп формасы жайлы айтылды. Мектеп Жарғысында айтылған 24 пунктпен тағы да таныстырып, мектеп формасының сақталуын қадағалау ата-аналарға тапсырылды.   Күн тәртібіндегі үшінші мәселе 2024-2025 оқу жылының басталуына дайындық жұмыстарының жүргізіліп жатқандығы айтылды. Мектепте жүргізілген және жүргізіліп отырған ағымдық жөндеу жұмыстары бойынша есеп берілді.                                                                     

 Күн тәртібіндегі бесінші мәселе 1 сынып оқушыларын мектепке дайындау бойынша жұмыс жасайтын "Балақайлар мектебі" жұмыс тәртібі таныстырылды.  Келесі кезекте ата-аналар қауымы өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып, жауап алды.

Дата: 31.07.2024, 18:45 Автор: №24 мектеп-интернаты