«Кім тапқыр»
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты» КММ-де «Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» облыстық форумның аясында, 2-3 сынып оқушылар арасында «Кім тапқыр» логикалық есептер сайысы өтті.Мақсаты: Логикалық есептерді шығара білу; шығармашылық қабілеттерін дамыту; ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Жарыс 4 кезеңнен тұрды; Сұрақ -жауап, Қанша ұшбұрыш жасырын тұр? «Кім жылдам?» ойыны, логикалық тапсырмалар. Қатысушылар топқа бөлініп,әр топ берілген тапсырмаларды тез әрі жылдам орындады. 3 топтың арасынан 1- орынды «Қырандар» тобы,2-орынды «Ақылдылар» тобы, ал 3 -орынды «Тапқырлар» тобы иеленді. Сайыс өте қызықты өтті, оқушылар белсене қатысып, өз білімдерін көрсетті.
Дата: 14.12.2023, 21:17 Автор: №24 мектеп-интернаты