Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты»КММ-сінде "Ата - аналарды педагогикалық қолдау орталығында" ашылған "Даналық мектебі" клубының отырысы өтті. "Даналық мектебі" клубының негізгі мақсаты позитивті тәрбие мәдениетін дамыту арқылы мектеп о

Балқаш қаласы білім бөлімінің  «№24 мектеп-интернаты»КММ-сінде

Балқаш қаласы білім бөлімінің  «№24 мектеп-интернаты»КММ-сінде "Ата - аналарды педагогикалық қолдау орталығында" ашылған "Даналық мектебі" клубының отырысы өтті. "Даналық мектебі" клубының негізгі мақсаты позитивті тәрбие мәдениетін дамыту арқылы мектеп оқушыларының әл-ауқатын қамтамасыз ету болып табылады.

 

Орталықтың міндеттері:

 

– ұлттық құндылықтар негізінде ата-аналарға жүйелі психологиялық-педагогикалық білім беруді ұйымдастыру;

 

– Қазақстанның бақытты және табысты азаматтарын тәрбиелеу бойынша ата-аналардың құзыреттерін дамыту;

 

– позитивті тәрбие мәдениетін дамытуда әлеуметтік серіктестердің күш-жігерін біріктіру

 

Орталықтың қызметі балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде ата-аналардың және балалардың басқа да заңды өкілдерінің құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған.

Дата: 27.11.2023, 16:22 Автор: №24 мектеп-интернаты