А. Байтұрсынұлының мерейтойы

А. Байтұрсынұлының мерейтойы

2023 жылдың 04 қыркүйек күні  Қазақстан халқы тілдер күніне және А. Байтұрсынұлының мерейтойына орай № 24 мектеп –интернатында онкүндік жоспар құрылып, жоспарға сай апталықтың ашылу салтанаты өтті.

Тіл — қай халықтың болмасын рухани қазынасы. Тілді ұлт болып жасаған. Тілі жоқтың — ұлты жоқ. Ұлты жоқтың бойында ұлттық қасиет жоқ. Тіл — адамдар арасындағы аса маңызды қарым-қатынас құралы. . Бұл күн – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.

Апталықтың ашылу салтанаты ҚР Әнұраны орындалды. Жиында тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі мәртебелі де тұрақты болып, өрістеп дамуына үлес қосу — жас жеткіншектердің жауапкершілігінде болатын міндеттелді.

Дата: 6.09.2023, 10:56 Автор: №24 мектеп-интернаты