«Балақайлар мектебі»

«Балақайлар мектебі»

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты»КММ-де 2023 жылғы 11 тамызда  «Балақайлар мектебі» даярлық курсы аясында, 1 сынып оқушыларына арналған  жазғы мектеп ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: оқушыларды мектеп өміріне дайындау және бейімдеу. 

Сауат ашу және қолды жазуға үйрету, сөйлеуді дамыту, математика, логика сабақтары ойын түрінде өткізілді. Балаларды сергіту мақсатында қимылды ойындар ойнатылды.

Дата: 17.08.2023, 14:24 Автор: №24 мектеп-интернаты