«Балақайлар мектебі»

«Балақайлар мектебі»

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты»КММ-де 2023 жылғы 10 тамызда  «Балақайлар мектебі» даярлық курсы аясында, 1 сынып оқушыларына арналған  жазғы мектепте «Абай» күні атап өтілді.  Іс-шараның мақсаты: Абай рухына тағзым ету, ұлы ақынның мұрасын жастардың санасына сіңіру, өлеңдері мен қарасөздері арқылы жас ұрпақты адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу, білімге деген құштарлығын арттыру, бойларына сұлулық, көркемдік қасиеттерін дарытып, мейірімді, адал болуға, адамгершілікке, отаншылдыққа, жаман әдептерден бойларын алыс ұстауға тәрбиелеу.

Абай Құнанбайұлы өмірі, шығармашылығы, ұрпақтары жайында танымдық бейнежазба тамашалады.

Мектепке алғаш келген баланың жетекші әрекеті штрихтау ойын түрінде жүргізілді.  Әртүрлі нүктеленген зат бейнесін,  фигураларды нүктелер үстін сызып, қолын жаттықтырды. Әр сабақтан кейін сергіті сәті жүргізілді.

Дата: 17.08.2023, 14:22 Автор: №24 мектеп-интернаты