“Қош бол, бастауыш”

“Қош бол, бастауыш”

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "№24 мектеп-интернаты" КММ-де 4 "А" сынып оқушыларының “Қош бол, бастауыш” тақырыбында бастауышпен қоштасу мерекесі өтті. Оқушылар ұстаздарға, ата-аналарға, мектепке әндер мен өлеңдер арнады. Мақсаты:

1. Білімнің сара жолы бастауышта басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз жеткізу.

2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу. Білім берер ордасы – мектепті ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Дата: 5.06.2023, 13:54 Автор: №24 мектеп-интернаты