«Музыка әлеміне саяхат»

«Музыка әлеміне саяхат»

24.03.2023 жылы Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің«№24 мектеп-интернаты»КММ-інде көктемгі демалыста эстетикалық бағытта «Музыка әлеміне саяхат» сазды ойыны 8 сыныптар арасында ұйымдастырылды. Сазды ойынның мақсаты: Оқушылардың әнге деген құмарлығын байқау және балалардың түрлі әндерді білуі, есте сақтау деңгейлерін анықтау арқылы сазға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Ойынды бастамас бұрын оқушыларды 2 топқа бөліп алынды. Сазды ойын 3 кезеңнен тұрады. 1 кезең – «Балғын шақ әуендері» деп аталады, мұнда біздің ойыншылар мектеп қабырғасында үйренген, естіген әндерді тауып, ұпай иемденеді. 2 кезең -«Жұлдыздар дауысы» деп аталады мұнда ойыншылар теледидар, радио арналарынан көріп, естіп біліп жүрген қазақ әншілерінің дауысын ажыратып, әншінің немесе топ аттарын тауып айтып беру қажет. 3 кезең - «Мультфильмнен әуенді тап» деп аталады, мұнда әр 2 топқа арнайы уақыт беріліп, жеке-жеке тыңдаған мультфильмнің түрлерін тыңдап ойыншылар тобымен ақылдасып, қандай мультфильм екенін айтулары қажет. Әр кезеңде тапқандары үшін 1 ұпайдан беріледі.

Сазды ойын өте қызықты, әрі көңілді өтті. Оқушылар берілген әуендерді, мультфильмдерді тез тапты. 2 топта өздерінің шамшандылығын көрсетіп, қыздар тобы яғни «Қобыз» тобы сазды ойында жеңіске жетті.

 

Date: 27.03.2023, 13:26 Author: School №24