Қазақша күрес

Қазақша күрес

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің

"№ 24 мектеп-интернаты" КММ- сінде Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған жоспар аясында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Р.И.Ибышевтың ұйымдастыруымен қазақша күрестен 8 сыныптар арасында мектепішілік біріншілігі өтті.  Мақсаты: Наурыз мерекесі қарсаңында қазақтың ұлттық ойыны күресті дәріптеу. ең көне спорт түрі қазақша күрес туралы білімдерін арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Қазақ күресі — қазақтың ұлттық күресі. Қазақ күресі қазақтардың ең көне спорт түрлерінің бірі. Қазіргі Қазақстанда бұл жекпе-жек өнер үлкен сұранысқа ие, ал қазақ күресі бойынша жарыстар мерекелер мен салтанаттарда жүргізіледі

Дата: 16.03.2023, 11:28 Автор: №24 мектеп-интернаты