Бракераждық комиссия
Қарағанды облысы біілім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "№ 24 мектеп-интернаты" КММ-де мектеп асханасында 24.02.23жылы бракераждық комиссия мүшелері медбике Бажбенова А.К , әлеуметтік педагог Жумажанова С.С, мектебіміздің ата-анасы Светлицкая Ирина, кәсіподақ ұйымның төрайымы Самбетова Д.Н және 8 сынып оқушысы Шевченко А жоспарға сай мектеп асханасына тексеріс жүргізді.
Күн тәртібінде:
1. Асхананың санитарлық жағдайын тексеру
2. Берілген тамақтардың мәзірге сай болуы,берілген астың мөлшерінің сай болуы
3. Тамаққа қосатын дақылдардың тазалығы,мерзімінің дұрыс болуы
4. Ыдыстардың шеттерінің ұшқанын , сынғанын қадағалау.
Тексеріс барысында асхананың тазалығы талапқа сай, күнделікті тағам сапалы, күніне әкелініп отырады. Ас мәзірі бекітілген, мәзір бойынша дайындалған, бірақ сүзбешенің орнына қоюлатылған сүтпен жасалған булочки берілген. Ыдыс-аяқтарды тексеру барысында шеті ұшқан ыдыстар болды. Оларды алып тастады. Ескерту жасалды. Күнделікті буфеттік тағамдардың да сапасы тексерілді. Жұмсақ әрі дәмді деп шешті.
Шешім бойынша мектеп асханасының санитарлық жағдайын, тағамның дайындалуын қанағаттанарлық деп есептелді.
Ұсыныс: Күнделікті ас мәзіріндегі тағамды толығымен қамтамасыз етіп отыру.
Date: 24.02.2023, 14:30 Author: School №24