«Менің баламның физикалық дамуы»
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы Білім бөлімінің "№24 мектеп-интернаты"КММ-де мектепішілік «Дені саудың-жаны сау» атты дене шынықтыру апталығы аясында, «Менің баламның физикалық дамуы» атты 1-4 сынып ата-аналары арасында 2023 жылғы 20 ақпан күні сауалнама өткізілді.
Сауалнама мақсаты:
- Әр ата-ананың өз баласының физикалық тұрғыдағы дамуын білуі, спортқа деген құлшынысын нығайту.
Сауалнама сұрақ және жауап ретінде ұйымдастырылған. Сауалнама 6 сұрақтан тұрады. Барлық сынып ата-аналары белсенділік танытып қатысты. Сауалнамаға қатысқан әр отбасына үлкен рақметімізді айтамыз!
Date: 22.02.2023, 14:14 Author: School №24