«Бұлшық ет ұлпаларының құрылысы мен қызметі. Адам денесіндегі бұлшық еттерін жіктеу»

«Бұлшық ет ұлпаларының құрылысы мен қызметі. Адам денесіндегі бұлшық еттерін жіктеу»

Ақпан айының 8-і жұлдызында мектебімізде жаратылыстану-математика бағытындағы  пәндердің онкүндік апталығының аясында биология  пәнінің мұғалімі Болекбаева А.Ж 8 «А»  сыныпта ашық сабақ берді. Сабақтың тақырыбы: «Бұлшық ет ұлпаларының құрылысы мен қызметі. Адам денесіндегі бұлшық еттерін жіктеу» .№10 зертханалық  жұмыс «Бұлшықет ұлпаларының құрылысын зерттеу». Сабақтың мақсаты: бұлшық ет ұлпасының құрылысын, қызметін  және олардың түрлерін сипаттау; адам бұлшық еттерінің құрылысы мен бұлшықет топтарын оқып тану.  Сабақтың жоспары  білім беру стандартына сай жүйелі нақты құрылған. Сабақ барысында мұғалім  АКТ –ны ұтымды пайдаланды,  сонымен қатар әр  түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оята білді. Зертханалық жұмысты оқушылар толығымен орындады. Сабақ барысында жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқушылар өздірін бағалап отырды, жұптық та жекеде тапсырмалар орындалды. Сабақ барысында атап өтсек, Wordwall, plickers деген платформаларды ұтымды қолданлы. Сабақ өте жоғары дәрежеде өтті.

Дата: 10.02.2023, 22:24 Автор: №24 мектеп-интернаты